Нью-Йоркте Республика күніне орай Қазақстанның туы көтерілді. Салтанатты
рәсім Манхэттеннің қаржы орталығында өтті. Бұл Қазақстанға деген құрмет пен
қазақстандық қауымдастықтың қаланың мәдени және қоғамдық өміріне қосқан үлесін
мойындаудың көрінісі. Нью-Йорк мэриясы бұл күнді ресми түрде «Қазақстан мұрасы
күні» деп жариялады. Дәстүрлі шара Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық пен
өзара құрметтің маңызды нышанына айналды.

