Францияда Қазақстанға арналған тревел-жобаның жаңа маусымы жарық көрді

Францияда Қазақстанға арналған тревел-жобаның жаңа маусымы жарық көрді

Францияның M6 телеарнасында толығымен Қазақстанға арналған «Пекин Экспресс» танымал тревел-жобасының жаңа маусымы жарық көрді. «Мұз жолы» деп аталған шығарылым Қазақстанның бай мәдениетімен, дәстүрімен және бірегей табиғатымен таныстырады. Қатысушылар саяхат барысында жол тапқыш әккілігімен және жергілікті тұрғындармен тіл табысқыштығымен бақ сынасады, қазақ тағамдарынан дәм татады, дәстүрлі ән шырқап, спорт түрлерінен сайысқа түседі. Жергілікті тұрғындарға құдайы қонақ болып, қазақтың қонақжайлылығын таниды. Түсірілім тобы Астана, Алматы, Шымкент, Бурабай және басқа да танымал туристік орындарға барған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тәжірибе мәдениетаралық диалогты насихаттап, шоуды тек ойын-сауық емес, танымдық жобаға да айналдырады.

Айта кетейік, «Пекин Экспресс» шоуы - туристік талғамды қалыптастыратын ең танымал француз тележобаларының бірі. Қысқы маусым саяхатшылардың қызығушылығын тудырады деп күтілуде. Оны Франция, Бельгия, Монако және Швейцарияда 7 млн көрермен тамашалайды. Туризм және спорт министрлігі бағдарламаның ықпалымен Қазақстанға келетін туристік ағын кем дегенде 15% -ке ұлғаяды деп сенеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?