Кассалық
фильмдерді
аудиторияға мемлекеттік тілде ұсыну
көлемі артады. Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, алдағы бірнеше
жылда жалпы прокаттағы қазақ тіліндегі фильмдердің үлесі 30%-ға дейін
жетеді. Бұл
көрсеткіш кассалық шетелдік фильмдерге мемлекеттік тілде дубляж жасау арқылы
артуы тиіс. Айта кету керек, тиісті ведомство осы жылдың наурыз
айында қазақ тілінде дыбыстау жасау үшін фильмдерді іріктеу ережесін бекітті.
Асхат Оралов, Мәдениет және спорт министрі:
- Былтырдың өзінде Мәдениет
және спорт министрлігі
тарапынан 3 кинопремьераның қазақ тіліндегі дубляжы шықты. Биыл
біз баршаңызға мәлім, мәдениет
саласын дамыту мақсатында 7
жылдық тұжырымдамасын,
яғни жоспарын әзірлеп, Үкімет қаулысымен
бекіттік. Ендігі кезекте жыл
сайын кем дегенде 15 кинопремьераның қазақ тілінде дубляжы іске қосылуы керек деген өзімізге міндет қойдық. Оған
арнайы республикалық бюджеттен қаражат бөлінді.