Аяз аталар шеруі

Аяз аталар шеруі

Қазақстанның шығысында 200-ден астам Аяз ата мен Ақшақар шеруге шықты. Жаңа жыл мерекесінің басты кейіпкерлері еліміздің түкпір-түкпірінен жиналды. Аталған шара үш күнге жалғасады. Марафон Риддер қаласынан бастау алды. Онда қатысушылар жаппай құздан төмен сырғанап жарысты. Сонымен қатар, сүйікті ертегілер кейіпкерлерінің фестивалінде мереке нышаны шаһардың бас шыршасы жағылды. Шеру «Алтайлық Альпі» тау шаңғы кешенінде жалғасады. Аяз аталар мен Ақшақарлар жол бойы кезіккен адамдарды мерекемен құттықтайды. Мақсат халықтың көңіл-күйін көтеру. Фестиваль Өскеменнің сол жағалауындағы Аяз ата резиденциясының салтанатты ашылуымен аяқталады. Ұйымдастырушылар бұл  шараны игі дәстүрге айналдыруға ниетті. 


Михаил Данилов, Аяз ата:


- Осы шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Аяз аталар үшін маңызды науқанда әріптестеріме сәттілік тілеймін! Жаңа жыл құт-береке әкелсін.

Валентина Владимирова, Риддер қ. тұрғыны:

- Жаңа 2025-ші жылға үлкен үміт артамыз. Ең бастысы, жер бетінде бейбітшілік орнасын. Бүгінгі шарада балалар мен қатар ересектер де жақсы әсерге бөленді. Мұндай мереке бізде алғаш рет өтті. Осындай тамаша сәтке қуә болғаныма қуаныштымын. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?