Афина қаласында қазақстандық кино таныстырылды

Афина қаласында қазақстандық кино таныстырылды

Афинада қазақстандық кинофестивалі өтті. Үш күн ішінде көрермен назарына отандық кинотуындылар ұсынылды. Олар ел кинематографиясының бай мәдени мұрасы мен заманауи жетістіктерін көрсетті. «Дос-Мұқасан», «Менің атым Қожа», «Томирис» және тағы басқа картиналар көпшілік қызығушылығын тудырды. Фестивальді Қазақстанның Грекиядағы дипломатиялық өкілдігі ұйымдастырды. Біздің республикамыздың елшісі Тимур Сұлтанғожиннің айтуынша, мұндай іс-шаралар Қазақстан мен Грекия халқы арасындағы өзара түсіністік, достық және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?