Қазақстанда тағы бір халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орыны салынады. Елордада Мичиган университетінің алғашқы кірпіші қаланды. Нысан педагогикалық корпус, инженерлік блок және жатақханадан тұрады. Білім беру аймақтарынан өзге жоба аясында жасыл демалыс аймақтарын, дәрісханалар, амфитеатр, аллеялар мен пирс салу қарастырылған. Білім ордасы құрылыс және сәулет салаларында халықаралық деңгейдегі жоғары білікті кадрларды дайындайтынын айта кеткен жөн. Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтарда алдағы үш жылда елімізде кем дегенде 5 озық шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуды тапсырған еді.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
– Мичиган мемлекеттік университетінде халықаралық кеңейту және серіктестік бойынша үлкен бағдарлама бар, екіншіден, оларда ең мықты білім беру мектептерінің бірі орналасқан.