Қазақстандық оқушылар қазақ аңыздарына
негізделген үстел ойынын ойлап тапты. Мифологиялық туындыда Дәу, Желаяқ, Таусоғар,
Саққұлақ пен Тазша бала секілді қазақ ертегілерінің кейіпкерлері көрініс
табады. Барлығы ағаштан ойылып жасалған. Авторлары алдымен зерттеу жасап,
сауалнама жүргізген. Нәтижесінде оқушылардың фантастикалық жанрға көбірек
қызығатыны анықталған. Сондықтан аңыз-әпсана бағытын әдейі таңдадық дейді. Жобаны
дайындауға оқушылар 1 жыл уақытын сарп еткен. Ұлттық нақышта жасалған ойынның
екі нұсқасы бар. Оның бірінде алты, ал екіншісінде 8 кейіпкері бар.
Сенім Дүйсенова, 11 сынып оқушысы:
- Ойынмен айналысу кезінде
көптеген кедергілер де болды. Мысалы біз Canva деген бағдарламаны қолданылған
болатынбыз сол ойынның дизайнын жасауда. Бірақта ол Саnva-да төл сөздер жоқ.
Төл әріптер жоқ қазақша. Сондықтан да біз барлық жазуларды өз қолымызбен жазып,
арнайы бағдарлама арқылы компьютерге дизайнға енгізген болатынбыз.
Қазір тіпті авторлық құқыққа
иелік етіп, патенттеп алған. Семейлік оқушылар енді осыны алдымен Абай
облысының, кейінірек бүкіл Қазақстан аумағында таратсақ дейді. Мақсаттары –
өскелең ұрпақ арасында қазақ ертегілеріне деген қызығушылықты арттыру.
Ақбота Нұрғалиқызы, қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
- Авторлық құқық алғаннан кейін
барып таратып, сайттарға ақпараттар тарата бастадық. Содан бері біршама сұраныс
бар. Яғни ойынды қайдан сатып алсақ болады, қай жерде ол сатылады деген сұраныстар
бар. Енді бізде болашаққа әлі де мақсатымыз ойынды нарыққа шығарып дамыту
жетілдіру.