Қазақстанда «World CleanUp day» дүниежүзілік акциясы қатысты

Қазақстан «World CleanUp day» дүниежүзілік тазалық акциясында  белсенділік танытты. Жаһандық экологиялық шараға еліміздің барлық өңірінен 56 мыңнан астам адам шықты. Табиғат жанашырларының  қатарында еріктілер, қоғамдық  ұйым, мемлекеттік органдардың өкілдері мен кәсіпорын қызметкерлері болды. Игі шара аясында 10мың га астам аумақ қоқыстан арылды. Бұл орайда айта кетерлік жайт, Қазақстан қоршаған ортаны қорғау қамындағы халықаралық экологиялық қозғалыстардың белсенді қатысушысы. Бұл бағытта Еуропалық Одақпен тығыз әріптестік орнаған.

Мачей Адам Мадалински, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісінің орынбасары:
-Біз Қазақстанмен бірігіп бірнеше бағытта жұмыс істейміз. Онда су ресурстары, жаңартылатын энергия көздері, қайта өңдеу жұмыстары мен экологиялық таза технологиялар бар. Сонымен қатар, Еуроодақ көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы механизмін елге таныстыруда. Бұл мәселе бойынша да Қазақстанмен бірге жұмыс істейміз. Өйткені, мұндай тақырып ел ішінде өзекті.