Астана осы айда бүкіл адамзат үшін маңызды салала – медицинаның әлеуеті талқыланатын алаңға айналады. Денсаулық сақтау саласындағы инновациялар мен жаңа трендтер «Нобель фест – 2024» шарасының өзегі болмақ. Осы басты тақырып аясында тәжірибелі отандық және шетелдік сарапшылар ой қозғап, пікір алмасады.
Сәуірдің 27 мен 28 аралығында елордаға еліміздің әр өңірінен, сонымен қатар АҚШ, Ұлыбритания, Ресей елдерінің жетекші сала мамандары, дәрігерлер, ғалымдар, сондай-ақ Нобель сыйлығының лауреаттары келеді деп күтілуде. Дәстүрлі басқосуда спикерлер Альцгеймер және деменция сынды аса күрделі дерттерді емдеудің жаңа әдістерін талқылайды. Медицинада жасанды интеллекті кәдеге жаратудың жолдары қаралады. Аса күрделі деген оталарда Хирург-роботтардың қолдану аясын кеңейту жағы да назардан тыс қалмайды. Шараның мақсаты әлемдік заманауи медицинаны жетілдіру қамындағы озық технологиялар және тың әдістермен алмасып, тәжірибе бөлісу.