Қазақстан су мен денсаулық жөніндегі халықаралық хаттамаға қосылады

Қазақстан су мен денсаулық жөніндегі халықаралық хаттамаға қосылады

Қазақстан ауыз суды тазарту және қауіпсіз жеткізу, сондай-ақ сарқынды суларды тазарту үшін заманауи технологиялар мен білімге қол жеткізе алады. Мәжіліс осыны көздейтін Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі 1992 жылғы конвенцияға Су және денсаулық мәселелері туралы хаттаманы қабылдады. Құжатты ратификациялау елімізге бірлескен мониторинг және ерте ескерту жүйелері мен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл жоспарларын құруға мүмкіндік береді. Еске салайық, бұл тіршілік көзімен қамту, санитария және денсаулық сақтау мәселелерін біріктіретін әлемдегі алғашқы халықаралық келісім. Мақсаты – су ресурстарын орнықты басқару есебінен халықтың денсаулығын қорғап, әл-ауқатын арттыру.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?