Наурыз мерекесі күндері жаһанның бес құрлығында қазақтың
күмбірлеген күйі радиостанцияларда ойнайды. Әлемнің 26 елі Қазақстанды осылай
құттықтауды жөн көрген. Бұл күндері Құрманғазы атындағы оркестрдің
орындауындағы қазақ композиторларының шығармалары Испания, Бразилия, Үндістан,
Вьетнам, Таиланд, Малайзия, Иран, Оңтүстік Африка Республикасы, Түркия, Грузияда
және т.б елдерде қазақтың қара домбырасының үні күмбірлеп, шын мәнінде
мерекелік атмосфера сыйлайды.
Сонымен қатар,
еліміздің сыртқы саясат ведомствосында атап өткендей, Қазақстанның шетелдегі
елшіліктері мен дипломатиялық өкілдіктері күн мен түннің теңелу мерекесін
диаспоралармен және түрлі бағдарламамен бірге атап өтеді.
Айбек
Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:
-Наурыз
ерекше тойланатын болады. Сондықтан біздің барлық елшіліктеріміз,
дипломаттарымыз, шетелде жүрген қазақтар бәрі бірлесіп жақсы тойлайды деп
ойлаймыз. Барлық қазақстандықтар, шет елде жүргендер, Наурыз күні елшілікке
келеді, кең форматта тойлап өтеді. Мысалы, көп қазақтар шоғырланған елдерде
үлкен диаспорлармен бірлесіп той жасайды, киіз үйлер құрып, неше түрлі
конкурстар ойластырады.