Қазақстан БҰҰ жаһандық киберқауіпсіздік рейтингінде үздік үштіктің қатарына енді

Қазақстан БҰҰ жаһандық киберқауіпсіздік рейтингінде үздік үштіктің қатарына енді

Жаһандық киберқауіпсіздік индексінде Қазақстан Tier2 тобында 3-орынға шықты. БҰҰ-ның халықаралық электр байланыс одағы әлем елдерінің киберқауіпсіздігі рейтингін 5 топқа бөліп қарастыруда. Оның деңгейі 83 көрсеткіш бойынша анықталады. Еліміз мүмкін болған 100 баллдың 94-ін жиған. Осылайша, Қазақстан Израиль, Канада, Ресей тәрізді елдерді басып озды. Бұған біздегі «Киберқалқан-2» бағдарламасы, 220 астам мемлекеттік мәліметтер базасын ЖИ көмегімен ақпараттық қорғау платформасына кіріктіру, eGov жүйесіндегі қаржылық қауіпсіздікті сақтау амалдары ықпал еткен.

Досжан Мұсалиев, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі

- Tier1 дегеніміз өте дамыған елдер. Біздің Қазақстан Tier2ге кіреміз. Біз Tier2-нің ішінде 3-ші орында тұрмыз. Ол өте жоғары деңгейдеміз. Келесі рейтинг 2026 жылы тексеріледі. Біздің ойымызша біздің Tier1-ге кіруге өте жақсы мүмкіндігіміз бар.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?