Шетелдік БАҚ назарында - Қазақстандағы референдум

Шетелдік БАҚ назарында - Қазақстандағы референдум

Қазақстандағы референдумға шетелдік БАҚ тарапынан үлкен қызығушылық байқалды. Елдегі дауыс беру барысынан 30-дан астам мемлекеттен жиылған  200 шақты шетелдік тілші ақпарат таратты.


Мәселен, Reuters ақпараттық агенттігі жаңа Конституциядағы ең басты өзгеріс - бір палаталы парламент - Құрылтайға көшу және вице-президент лауазымын қалпына келтіру деп мәлімдеді.


Ал қытайлық ақпарат құралдары, соның ішінде CGTN арнасы референдумға жоғары дайындық деңгейіне, сондай-ақ дауыс беру процесінің ашық әрі ұйымдасқан түрде өткеніне тоқталды. Негізгі Заңды қолдау елдегі саяси жүйенің жетілгені және азаматтық белсенділік көрінісі деп бағаланды.


Xinhua басылымы ауқымды мақала жариялады, онда жаңа Конституция Қазақстандағы заң үстемдігін нығайтады және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, әрі жаңа заңнамалық құжат заманауи және серпінді мемлекеттік-саяси үлгіге көшуге жол ашады делінген.


Ал түркиялық TRT World телерадиокомпаниясы қазақстандықтардың референдумға белсенді қатысуы және жаңа Ата заңды қолдауы туралы ақпарат таратты. Бұл халықтың ел болашағына мүдделілігін танытады.

Италияның Agenzia Nova агенттігі жаңа Конституция халық пен сарапшылар қоғамдастығының жүйелі талқылауынан өткеніне тоқталды. Жаңа құжатта егемендік, тәуелсіздік және аумақтық тұтастық өзгермес құндылықтар ретінде бекітілген.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?