Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған іс-шаралар
биыл ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтіледі. Қазақ композиторының ғасырлық мерейтойы
халықаралық ұйымның атаулы күндер күнтізбесіне енді. Мұндай шешім ЮНЕСКО-ның бас
конференциясының 42-сессиясында қабылданды. Осы күзде ұйымның Париждегі штаб-пәтерінде
қазақтың әйгілі күйші-композитор әрі дирижердің мол музыкалық мұрасы ұсынылатын
концерт өтеді. Айта кетейік, өнер иесі Нұрғиса Тілендиев түрлі жанрда 500-ден
астам шығарма жазған.
Асқар Әбдірахманов, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі:
- «Алматы қаласының әкімдігі, сонымен қатар Түркі
мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының қолдауымен Нұрғиса Тілендиевтің
шығармашылығына арналған көрме ұйымдастыру жоспарда бар. Іс-шара ЮНЕСКО аудиториясы мен
отандастарымызды талантты дарын иесінің өмір жолымен таныстырып қана қоймай,
өзі негізін қалап кеткен дәстүрлі әуен, халық фольклоры және заманауи музыка
арасындағы тығыз байланысты көрсетуге ықпал етеді.

