Саха халқының ерекше өнері мен қайталанбас мәдениеті туралы «Якутия қазынасы» көрмесінен тамашалауға болады. Ол Астанадағы Қазақстан Ұлттық музейінде ашылды. Экспозиция ішінде тастан жасалған ваза, гаухар тас әшекейлер, асыл тастармен көмкерілген қанжарлар мен мамонт мүйізінен кәдесыйлар бар. Қазақстанға Саха Республикасы Қазына қоры жинағының коллекциясынан минералогиялық үлгілері арнайы әкелінді. Одан бөлек, көрме қонақтары ұлттық дәстүрлі күмістен жасалған әшекейлер мен әйелдер киетін мерекелік киім үлгісін де тамашалай алады. Жылқы баптау тақырыбына ерекше көңіл бөлінген. Саха халқының ер тоқым, үзеңгі мен көрпелері де ұсынылды. Барлығы Якутия қазынасы көрмесінің 100 басты экспонатын көруге мүмкіндік бар.
Андрей Захаров, «Якутия қазынасы» көрмесінің меңгерушісі:
– Барлық экспонаттар ерекше. Олардың әрқайсысы баға жетпес қазына деп айта аламын. Бір-бірінен қатты ерекшеленеді. Әлбетте, олардың ішіндегі ең бағалысы – алмаз. Әшекей бұйымдарға келер болсақ, олардың құндылығы тіпті, ерекше. Олардың ішінде қанша гауһар тас қойылған деген сұрақ та қонақтарды жиі мазалайды. Одан бөлек, шығармашылық құндылығы мүлдем баға жетпес десем болады.
Құмар Жүнісов, ҚР Ұлттық музейінің халықаралық бөлімінің басшысы:
– Бұл көрме өзінің форматы жағынан ерекше. Себебі, мұнда 4 түрлі бөлім бар. Оның әрқайсысы өнердің сан-алуан түрлерінен көрініс береді. Бұл Якутияның Қазақстандағы мәдениет күндерінің шымылдығы болған алғаш осындай шара болып отыр. Осыған арналған шаралар Алматы қаласында және Елордамыздың өзге де алаңдарында өтеді. Дегенмен, Дегенмен, дәл біздің Ұлттық музейде осы шаралардың басталғаны қуантады, әрине.