Нұр-Сұлтанда «Жер – Ғарыш» көрмесі ашылды

Нұр-Сұлтанда «Жер – Ғарыш» көрмесі ашылды

Өнер туындылары арқылы ғарышқа саяхат. Нұр-Сұлтанда ашылған «Жер – Ғарыш» көрмесі көрерменге осындай мүмкіндік береді. Экспозицияда қазақстандық бірнеше ұрпақ суретшілерінің жұмыстары біріктірді. Атап айтқанда, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік музей қорынан 25-тен астам өнер туындысы қойылды. Ал барлық жұмысқа ортақ тақырып – ғарыш пен оның шексіздігі, уақыт пен кеңістік және адамзат баласына тартымды ғалам құпиясы. Сергей Калмыков, Камиль Муллашев, Есімғали Жұманов, Әбдірашит Сыдыханов, Сергей Маслов, Шәміл Гүлиев секілді танымал суретшілердің жұмыстары өзіндік көркемдік стилімен, автор идеясын баяндау тәсілімен ерекшеленеді. «Жер – Ғарыш» көрмесі елордалық өнерсүйер қауым үшін қыркүйек айының соңына дейін ашық.

Риза Тажиева, жобаның арт-менеджері:

- Суретшінің данышпандығы осы сфералық кеңістікте алдын ала болжай білу қабілетінде. Мысалы, Камиль Муллашев өзінің 1978 жылғы «Жер және уақыт» атты еңбегінде бүгінгі шындықты болжады десек те болады. Ойлап қарасаңыз, оның еңбегінен шардың бейнесін, алып аспан мен желді, құрылысты көруге болады.

Авторы: Гүлбану Тәжібек