ОПЕК+ елдері ағымдағы өндіру деңгейін ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге арттырып отырады. Мұндай шешім картельдің бұрынғы жоспарларына сәйкес, сондай-ақ нарықтық жағдай мен болжамдарды ескере отырып қабылданды. Сонымен қатар Қазақстанға белгіленген квота да артып отыр. Мәселен, қаңтар, ақпан айларында тәулігіне 1 572 және 1 589 млн баррельді құрады. Ал наурызда 1 605 млн-ды көрсетпек. ОПЕК+ келесі отырысы 2 наурызда өтеді.
Айта кетейік, картельдің шешімдері аясында Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 90 доллардан асты. Мамандар бұл соңғы 7 жылдағы ең жоғары көрсеткіш екенін атап өтті.