Алматы облысында Орталық Азиядағы ең ірі PepsiCo зауыты салынады. Ірі инвестициялық
жобаның құны 320 млн доллар. Бұл картоп өңдеудің өндірістік көлемін үш есе арттырып,
жылына 70 мың тонна дайын өнім шығаруды қамтамасыз етеді. 2027 жылдың
қыркүйегінде зауыт толық қуатқа шығады деп жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге
асыру барысы Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов пен компанияның өңірдегі
басшысы Давид Манзинимен кездесуінде талқыланды. Тұзды тағамдар өндірісінде
шикізатты сақтау базасы кеңейтіледі, ал өнімнің шығымдылығы мен сапасын арттыру
үшін ғылыми тәсілдерді дамыту көзделеді. Бұл ретте тек жергілікті шикізат пайдаланатынын
айта кету керек. Ол үшін Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы, Жетісу өңірлерінен
шамамен 15 шаруашылық тартылады.

