Астана экономикасына салынған инвестициялар көлемі 632 миллиард теңгеден асты

Астана экономикасына салынған инвестициялар көлемі 632 миллиард теңгеден асты

Астанаға бірінші жартыжылдықта 632 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13% артық. Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы қала басшысы Жеңіс Қасымбек баяндады. Оның айтуынша, барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Өңдеу өнеркәсібі, медицина, білім беру, көлік және логистика салаларындағы жобалар белсенді іске асырылуда. Сондай-ақ, Президентке мектептер мен медициналық орталықтардың құрылысы және тұрғын үй алаптарының дамуы туралы баяндалды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы елорданы одан әрі дамыту және V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

- Президентке жылыту маусымына дайындық туралы баяндадым. Былтыр біз қосымша 3 нысанды іске қостық. Ол ТЭЦ 3, 2ГТС. Олар қалаға қосымша 1 мыңнан астам гигокалория жылу берді. Сондықтан, бізде қазір бірнеше жылға резерв бар. Осы жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Оған қосымша жаңа оқу жылына дайындық бойынша да есеп бердік. Биыл біздің жоспарымыз бойынша 20-дан астам жаңа мектеп іске қосылады. Үш жылдың ішінде 60 мектептен аса нысан іске қосылатын болады.