Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы бір жылда 30% өсті

Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы бір жылда 30% өсті

Қытай Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі болып қала береді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы алыс-беріс көлемі 31 миллиард доллардан астам сомаға тең түскен. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 30% артық, деп хабарлайды finprom.kz сараптамалық порталы.  

Қазақстаннан Аспан асты еліне жеткізілген экспорт көлемі де оң динамика көрсетіп отыр.  Шамамен 12% немесе АҚШ валютасында 15 миллиардқа жуық. 

Біздің Республика Қытайға негізінен мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдайды. Сондай-ақ, негізгі экспорттық тауарлардың қатарында мыс, газ, металдар мен ферроқорытпалар да бар. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, соңғы жылы Қытайға АӨК өнімдері екі есе көп, 1 миллиард долларға экспортталды. Қазақстанға негізінен Аспан асты елінен 2023 жылы жеңіл автокөліктер, компьютерлер, құрастырушы бөлшектер мен автомобиль бөлшектері, тоқыма заттары импортталды. Ал Қытайдың инвестицияларына келер болсақ, олар көбінесе тау-кен өнеркәсібі мен саудаға бағытталды. Әрқайсысына миллиард доллардан астам қаражат салынды. Біздің елімізге тікелей қытайлық инвестициялардың жалпы ағыны өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша АҚШ валютасында 1,4 млрд-ты құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36% көп.