Астанада жаһандық инвестициялар бойынша VII қазақстандық дөңгелек үстел нәтижесінде 30-дан астам құжатқа қол қойылды

Қазақстанда таяу арада 7 млрд долларға жобалар жүзеге асырылады. Астанада жахандық инвестициялар бойынша дөңгелек үстел қорытындысы бойынша 30-дан астам келісімге қол қойылды. Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен іс-шараға 500-ден астам түрлі саладағы халықаралық бизнес өкілі жиналды.  Ірі компаниялардың өкілдері қазіргі әлемдік нарықтардың үрдістерін және олардың инвестициялық стратегияларға, сондай-ақ халықаралық капиталды тартудың негізгі факторы ретінде инфрақұрылымды дамытуға әсерін талқылады. Министрлер кабинетінің басшысы ел үшін маңызды басымдық өнеркәсіпті дамыту және шетелдік компанияларды қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен тығыз серіктестікке шақырды. 

 

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі: 

Сіздерді Қазақстан Үкіметінің ашық және адал жұмыс істеп жатқанына сендіргім келеді. Біз жобаны іске асырудың әрбір кезеңінде инвесторлармен тікелей өзара іс-қимыл жасауға үлкен мән береміз, сондай-ақ Сіздердің құқықтарыңызды қорғау және қолайлы іскерлік ахуал қалыптастыруға басымдық береміз. Сіздерді Қазақстанда бизнесті дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын 

 

Рамез Әл-хаят, «Power International Holding» президенті: 

- Елдің саяси тұрақтылығы жеке инвесторларды экономикаға көбірек инвестиция салуға түрткі болады. Қаражат салуды ынталандыру, әсіресе салықтық жеңілдіктер және осындай аймақтар құру инвестициялық шешімдерді қабылдау процесінде шешуші рөл атқарады. Біздің компанияларымыздың көпшілігі «Астана» халықаралық қаржы орталығында ағылшын жалпы құқық жүйесі мен халықаралық төрелік арқылы ашылған. Мұның барлығы үлкен мәнге ие.  

 

Әсел Күшенғалиева 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?