Қазақстан
Президенті Ұлан-Батырда
Моңғолияның ұлы мемлекеттік Хуралының төрағасымен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт
Тоқаев заң шығарушы органдардың диалогы қазақ-моңғол қатынастарын ілгерілететін
маңызды алаң деп санайды. Сондай-ақ,
депутаттардың достық тобы парламентаралық байланыстарды нығайту ісінде зор рөл
атқаратынын жеткізді. Дашзэгвийн Амарбаясгалан парламентаралық ықпалдастықты
одан әрі нығайту және құқықтық базаны
кеңейту мақсатында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін растады. Президент, сондай-ақ Моңғолия Премьер-Министрімен кездесті. Мемлекет басшысы жоғары
деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы орындау үшін екі ел
үкіметтерінің бірлесе күш-жігер жұмылдыруы керек екенін атап өтті. Премьер-Министр өз
кезегінде Моңғолия Үкіметі қабылданған шешімдерді орындауға дайын екенін растады.