Қазақстан Үкіметі 2029 жылға дейінгі
инфрақұрылымды дамытудың ұлттық жоспарын жариялады. Ол халық пен экономика
қажеттіліктерін өтеуге бағытталмақ. Жоспар инфрақұрылымның 4 негізгі бағытын
қамтып отыр. Оларға тоқтала кетсек, энергетикалық, көлік, цифрлық, сумен қамту
және шығару салалары. Осыған байланысты 204 жобаның тізімі жасалынды. Атап
айтқанда, электр энергиясын тұтыну көлемі артуына байланысты, жылу желілерін
модернизациялау және басқа да қажеттіліктерді өтеу үшін жаңа қуат көздерін іске
қосу көзделіп отыр. Бұл жобаларды жүзеге асыруға 40 трлн теңгеден астам қаражат
қажет. Басым бөлігі бюджеттік қаражат емес. Үкімет мәліметінше, бұл жобаларды
жүзеге асырудың экономикаға берер пайдасы орасан-зор. Жалпы ішкі өнімге өсіміне
орташа есеппен 2,3% өсім алып келсе, жалпы қосылған құнға пайдасы – 25 трлн
теңге көлемінде болмақ. Бұл жоспардың тағы бір маңызы – 150 мыңнан астам жаңа
жұмыс орындарын құруға септеседі.