Қазақстанда АЭС-терге арналған уранның стратегиялық қоры құрылады

Қазақстанда АЭС-терге арналған уранның стратегиялық қоры құрылады

Қазақстанда атом электр стансаларына арналған уранның стратегиялық қоры құрылады. Энергетика министрлігі таратқан мәліметтерге сәйкес, уран байытылмайды. Кен күйінде сақталады. Қазір Қазақстанда дайын ядролық отын өндірісі бар. АЭС құрылысы Қазақстанға өзінің уран ресурсын ішкі энергиямен жабдықтау үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Еске сале кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда елімізге 3 атом электр стансасын салу қажеттігін айтқан болатын. Екінші және үшінші стансалар салынатын жерді анықтау үшін жан-жақты талдау жүргізіледі. Қазақстан уран өндіру бойынша әлемде бірінші орында. Әлемдік нарықтың 40 пайызын осы металмен қамтамасыз етіп отыр. Еліміздің жер қойнауында барлық барланған әлемдік уран қорының 14 пайызы шоғырланған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?