2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы

2025 жыл Қазақстанда ресми түрде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Тиісті Жарлыққа Республика Президенті қол қойды. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте халыққа Жолдауында еліміздің кадрлық әлеуетін дәйекті түрде арттырудың маңыздылығын атап өткен болатын. Сол кезде келесі жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болады деп жарияланды. Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл техникалық және кәсіптік білім беру реформасын жүзеге асыруға, жұмысшы кадрларды қолдауға және жұмыс орындарының беделін арттыруға бағытталған ауқымды іс-шараларға бастау береді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?