Қазақстан
мен Италияның тауарайналымы өткен жылы 16 млрд доллардан асты. Ал,
2024 жылдың 8 айында өзара алыс-беріс көлемі шамамен
14 млрд-қа жетті. Экспортқа келетін болсақ, егер өткен
жылы ол шамамен 15 млрд-ты құраса, 2024 жылы – АҚШ валютасында13 млрд-қа жуықтады. Негізгі
өсу драйверлері: мұнай, көмір, зығыр тұқымдары, пропилен полимерлері болып келеді. Бұл туралы Миланда өткен екіжақты форум барысында
айтылды. Онда қазақстандық тарап «Made with Italy» тұжырымдамасын енгізуді
ұсынды. Ол италиялық компаниялармен серіктестікте дайындалған тауарларды
халықаралық нарықтарға жылжытуға және олардың позициясын
нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл идеяның маңызды бөлігі - озық тәжірибе
орталықтарын құру. Олар қазақстандық өнім сапасының еуропалық стандарттарына
көшу үшін қажет, бұл еуропалық нарықтарға жылдам шығуға мүмкіндік береді.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Бүгінгі миссияға ауыл шаруашылығы, мұнай сервистік қызметтер,
тоқыма өнеркәсібі, туризм және IT сияқты секторларды қамтитын 50-ден астам
қазақстандық кәсіпорын қатысты. Біз
негізгі бес бағыттан тұрады. Атап
айтсақ, біріншіден, бұл ауыл шаруашылығын қайта өңдеу,
органикалық өнім, екіншіден, бұл жоғары бөліністі өнім, машина жасау,
үшіншіден, бұл жүк көліктерінің перспективасы
туралы айттық, төртіншіден, бұл ІТ технологияларымен
байланысты мәселелер және бесіншіден, бұл туризм.