Қазақстан мен Франция президенттері бизнес-форумға қатысты

Қазақстан мен Франция президенттері бизнес-форумға қатысты

Франция Президенті Эмманюэль Макронның Астанаға сапары аясында Елордаға 80 жетекші француз комапанияларының бизнес-делегациясы да келді. Олар екіжақты қазақ-француз бизнес-форумына қатысты. Қазақстанның 200-ге жуық кәсіпкерлері әріптестікті нығайту мақсатында жиынға қатысты. Форум барысында бірнеше маңызды бағыттарды дамыту талқыланды. Атап айтсақ, бұл – денсаулық сақтау, фармацевтика, агроөнеркәсіп кешені, энергетика, көлік құрастыру, көлік және логистика салалары. Жиын соңында, қос мемлекет кәсіпкерлері құны 1 жарым млрд долларға бағаланатын 20-ға жуық келісім жасасты.

Ардақ Зебешев, Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің комитет төрағасы:
- Осы келісімдер міндетті түрде жүзеге асырылады. Қазір, 33 инвестициялық жобаның жұмысы басталды деп ауыз толтырып айта аламыз. Жалпы алғанда, бұл жобалардың құны 5 млрд долларға бағаланып отыр.