БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде Қазақстан
өз ұстанымын нығайтып келеді. Бұл процестің бір бөлігі ретінде Алматының
ұйымның жаһандық келісім-шартына қатысуын қарастыруға болады. Құжат Алматыға тұрақты экономикалық орта құру бөлігінде
шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, инвестициялар тартуға және қалалық
жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Қала әкімдігінің хабарлауынша,
Жаһандық келісім шарт БҰҰ-ның тұрақты даму қағидаттарына сәйкес
бизнес-процестер мен корпоративтік мәдениетті біріктіруге және жүйелеуге
бағытталған. Оған қатысушылар келісімнің он негізгі қағидасын ұстануы қажет.
Бұл – адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас
жемқорлықпен күрес саласындағы маңызды құндылықтардың жиынтығы. Айта кету керек,
бүгінде БҰҰ-ның жаһандық шартына 160-тан астам мемлекеттен 9500 компания мен 3
мыңнан астам коммерциялық емес ұйым қатысады.