Қазақстандық экспорттаушылар Еуропалық Одақтың жаңа климаттық талаптарына дайындалуда

Қазақстандық экспорттаушылар Еуропалық Одақтың жаңа климаттық талаптарына дайындалуда

Еуропалық Одақ Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі болып қала бермек, оның үлесіне отандық экспорттың 44%-ке жуығы тиесілі. Қазақстандық алюминий экспортының жартысынан астамы еуропалық нарыққа кетеді. Еуро Одақтың жаңа экологиялық талаптарына бейімделу отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты шарты болып табылады, деп атап өтті Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» өкілдері. Әңгіме CBAM трансшекаралық көміртек көлемін реттеу тетігі туралы болып отыр. Ол Еуропа нарығына импортталатын өнімнің көміртегі ізін есепке алуды көздейді. Жаңа ережелер алюминий, темір және болат өндірушілерді қамтымақ. Сарапшылардың айтуынша, бұл талаптарға жүйелі дайындық отандық кәсіпорындардың Еуро Одақ нарығындағы тұрақты позициясын сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан, елімізде бизнесті жаңа «жасыл» талаптарға бейімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл тақырыпты Астанада өткен конференцияда Еуро Одақ, салалық ведомстволар мен бизнес өкілдері бірлесіп талқылады.


Ержан Шакарғалиев, «QazTrade» Тарифтік және тарифтік емес шаралар тобының жетекшісі:

- Осы талаптарға байланысты біз де қажетті қадамдарды жасадық. Өткен жылы біз бірнеше нақты іс-шаралар атқарып, өз өндірушілеріміздің аталған талаптар туралы хабардар болуын қамтамасыз еттік. 2024 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен бірлесіп әзірленген әдістемелік нұсқаулық ұсынылды, онда отандық кәсіпорындарымыз жүзеге асыруы қажет болған барлық талаптар мен ұсыныстар алдын-ала жазылған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?