Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаттарын атады

Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаттарын атады

Конституциялық комиссияның жетінші отырысында Мемлекеттік кеңесші Қазақстанның жаңа Ата заңы жобасының негізгі басымдықтарын атады. Ерлан Қарин жаңа преамбулада мемлекеттің шекарасы мен аумақтық тұтастығына қол сұғылмайтыны туралы ереже нақты бекітілгенін атап өтті. Сонымен қатар, ол Егемендік пен Тәуелсіздікті сақтау және нығайту жаңа Конституцияның мызғымас қағидаттары ретінде айқындалғанын айтты.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

- Еліміздің аумақтық тұтастығына ешқашан қол сұғылмайды және ол ешқашан өзгермейді». Осылай тағы да қайталап өтуіміз керек, себебі кейбір азаматтардың «Ата Заңда елдің әкімшілік-аумақтық тұтастығы өзгереді» деген пікір білдіруі ол шым мәнінде жалған ақпарат, таза манипуляция, өздеріңіз оны білесіздер. Керісінше, жаңа Конституцияда мұндай әрекеттерге қазір де, болашақта да берік тосқауыл қойылған. Атап айтқанда, жаңа преамбулада мемлекеттің шекарасы мен аумақтық тұтастығына қол сұғылмайтыны анық жазылған.

Сондай-ақ, Мемлекеттік кеңесші Конституцияға енгізілетін өзгерістер қазіргі заманғы шындыққа бейімделуге бағытталғанын атап өтті. Жаңартылған Ата заң жобасының басты артықшылықтарының бірі – адам құқықтары мен бостандықтары бірінші орында тұрады. Яғни, құжаттың негізгі өзегі – адамға бағдарланған мемлекет. Сонымен қатар, жаңа Конституция сөз бостандығын шектемейді.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?