2026 жылы Қазақстанда медициналық қызметтер толық автоматты түрде жүзеге асырылады

2026 жылы Қазақстанда медициналық қызметтер толық автоматты түрде жүзеге асырылады

Қазақстанда медициналық деректердің бірыңғай қоймасы құрылады. Салалық министрлік Жаңа жүйені толық қалыптастыру жұмыстары 2026-шы жылы аяқталатынын мәлімдеді. Сонымен қатар қазір еліміздегі емдеу ұйымдарында Face ID жүйесі енгізілуде. Бұл бүгінде медициналық мекемелер тарапынан тіркеулер санын 7% төмендетуге және бюджет қаражатының шамамен 10,5 млрд теңгесін үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұдан бөлек медициналық қызметтердің сапасына мониторинг жасау және ақы төлеу бірыңғай цифрлық контурға біріктірілген. Жаңа модуль төлем құжаттарының санын 9-дан 3-ке дейін қысқартты. Одан бөлек сатып алу, қызметтерге ақы төлеу сияқты басқа да негізгі бизнес-процестер цифрландырылды. Жалпы бүгінде Қазақстанда медициналық көмектің 92% автоматты түрде жүзеге асырылады. 2026 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100% дейін жеткізу жоспарланып отыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?