Қазақстан Президенті Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады

Президент Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев өзара байланысты қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Өзара тауар айналымының айтарлықтай артуы – соның айқын дәлелі. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы, кен өндіру өнеркәсібі, цифрландыру және туризм салаларындағы ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстанда Саха Республикасының күндерін өткізу бастамасына қолдау білдірді. Олардың аясында Астана мен Алматы қалаларында мәдени, спорттық, іскерлік бағытта көптеген шара ұйымдастыру жоспарланған. Сонымен қатар, Айсен Николаев Қазақстан халқына қолдау көрсетіп, су тасқыны салдарынан туындаған барлық қиындықты тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.