Қазақстанның өсімдік тұқымдары Шпицберген қоймасына табысталды

Қазақстандық тұқымдардың 500 астам үлгісі Шпицбергеннің жаһандық апаттан сақтау қорына табысталды. Олардың арасында жоңышқаның, бидай шөбі және Қазақстан флорасының басқа да көпжылдық жабайы және дәнді дақылдары бар. 

Салтанатты ашылу рәсіміне тұқымдарды  әлемнің негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының үлгілерін қауіпсіз сақтауға өткізу үшін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары қатысты. Олардың айтуынша, бұл шара еліміздің жемшөп дақылдарын түрлік және экотиптік деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бүгінде Норвегиядағы қоймада әлемнің түрлі мемлекеттерінен келген тұқым үлгілері бар. Барлығы 89 тұқым банкінен алты мыңға жуық өсімдік түрі бар. Қойма жаһандық апат жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

Ғалиолла мейірман, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ инновациялар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары:

– Қазақстан өсімдік ресурстарына өте бай, 70% жайылымға тиесілі. Бұл 180 миллион гектардан астамды құрайды. Жайылымдардың биоалуандығын сақтап қалу керек, гендік банкке тапсыру арқылы, сондай-ақ ерекше бақылауға алынған аумақтарда тәлімбақтарды  ұйымдастыруды және Институт жанынан осы өсімдіктерді, әсіресе таңдаулысын қарай отыра дала өсімдіктерін сақтап қалу үшін жаңа алаң ашамыз.