Мемлекеттік кеңесші Т. Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Аты аңызға айналған ұшқыш, 1945 жылғы Жеңіс шеруіне қатысқан қаһарманның құрметіне еңселі ескерткіш елордада үш жыл бұрын бой көтерген болатын. Іс-шараға Ұлттық құрылтай және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесі атсалысты.

Жиынға қатысушылар жеңіс жолында ерлікпен шайқасқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

ҚР Премьер-Министрі Р. Қошқарбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.  

Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу аясында Үкімет басшысының қатысуымен Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Жиналған қауым Рейхстагқа ту тіккен даңқты қазақ батырының рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды. Ел Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ұлы Жеңіс қаһармандарының арқасында бүгінгі ұрпақ бейбіт елде өмір сүріп, кемел болашаққа нық сеніммен қадам басып отырғанын атап өтті.