Тасқыннан зардап шеккен 16 мың қазақстандық отбасы 6 млрд теңгеге жуық біржолғы төлем алды

Тасқыннан зардап шеккен 16 мың қазақстандық отбасы 6 млрд теңгеге жуық біржолғы төлем алды

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу жалғасуда. Бүгінде 16 мыңнан астам отбасы 6 млрд теңгеге жуық сомаға біржолғы төлем алды. Еліміздің Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы өңірлік комиссиялар 25 мыңға тарта өтінім қабылдаған.

Бүгінгі таңда зардап шеккен аймақтарда 4 мыңнан астам тұрғын үй тексеріліп, 2  800 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге және тұрғын үйді қалпына келтіруге 696 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Аталған көмек 530 отбасыны қамтыды. Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар өңірлерінде тағы 53 жанұяға қираған баспаналарының орнына үйлер мен пәтерлер берілді.