Қазақстандық мұғалім Дуа Липаға музыка жазды

Абай облысы Қарауыл ауылының тұрғыны Ерқанат Ерғазыұлы танымал британдық орындаушы Dua Lipa-ның жаңа альбомына ән жазды. Бұл туралы отандасымыз өзнің әлеуметтік парақшасында жариялады. Шетелдік әншінің «Radical optimism» деп аталатын альбомы мамырдың 3 жарыққа шығады. Ерқанат болса, «Illusions» атты треклистегі бір әнге музыка жазған. Бүгінде музыкант және жергілікті мектепте биология пәнінің мұғалімі болып еңбек ететін ұстаз әлемдік деңгейдегі көптеген өнер адамдарының әндеріне аранжировка жазумен де айналысады. Дегенмен Ерқанат мұнымен шектеліп қалмақ емес.

Ерқанат Ерғазыұлы, ұстаз, битмэйкер:

-Қазақстандық жұлдыздардан айта кетсек Мөлдір Есенбек, лақап аты Say Mo, Delacure деген, қазір дос болып кеттік, Rick деген әнші бар, Аили деген өте талантты өзіме жақын әртістер бар. Солармен жұмыс істеп үлгердім. Әлемдік деңгейде деп айтатын болсақ, Anitta бар, Dua Lipa-дан басқа, ол бризилиялық әнші, Manila Grey канада-филиппин дуэті, олар RNB жанрында айтады.

Бұдан бөлек өнер иесі америкалық рэперлер тобының бейнебаянын түсіру барысында бит бойынша тең продюсер ретінде атсалысқан. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?