Қазақстанда Судьяның цифрлық көмекшісі жүйесін енгізу аяқталуда

Қазақстанда Судьяның цифрлық көмекшісі жүйесін енгізу аяқталуда

Қазақстандық Судьяларға цифрлық көмекші енгізілуде. Жоба Астана, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында пилоттық режимде тексеріліп, сынақтан сәтті өтті. Бұл жүйе судьяның орнына шешім шығармайды, тек оның жұмысын жеңілдетеді. Қазақ және орыс тілдеріндегі құжаттарды сараптап, ұқсас істерді талдап, даудың ықтимал нәтижесін болжай алады. Қазіргі таңда цифрлық көмекшінің қуаты 4 есе артып, қас қағым сәтте мыңға жуық сұранысты өңдеуге қабілетті. Бағдарлама алдымен азаматтық істерге қолданылса, енді мемлекеттік органдармен арадағы дауларды қарайтын әкімшілік соттарға да енгізілуде. 

Арман Мұсаев,  ҚР Сот әкімшілігі цифрландыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары

- Судьяның цифрлық көмекшісі сервисі бізде 1,5 жылдан бері қолданылып келеді. Бұл жобаны қосу кезінде судьялардың бітімгерлік тәртіпте қарайтын істердің көлемі едәуір өскені байқалады. Яғни, бұл судьяға істерді зерттеу кезінде өте жоғары көмек беруде. Бұл цифрлық көмекші судьяның рөлін атқармайды, тек қана судьяға істерді тез қарау кезінде өз көмегін тигізеді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?