Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Президенттің Бас Ассамблеяның мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінің маңызды тұстарын атап өтті. Ерлан Қарин Қасым-Жомарт Тоқаев сенім дағдарысы мен милитаризациядан бастап технологиялық алшақтық тәуекелдеріне дейін қазіргі заманның негізгі сын-қатерлерін белгілегенін атап өтті. Бүгінде олар әлемдік қауымдастықтан жүйелі әрі тиімді шешім талап етеді. БҰҰ-ның реформасына ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің құрамын кеңейту, сондай-ақ орта державалардың рөлін күшейту туралы шешім ұсынды. Баяндаманың басты идеясы - сенім, әділдік және ынтымақтастыққа негізделген жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыру. Ерлан Қариннің айтуынша, Президент БҰҰ-ның мінберінен Қазақстанның халықаралық қатынастардағы мықты да жауапты, дипломатия мен транзитте, энергетика мен технологияда алтын көпірге айналған ел ретіндегі ұстанымын анық байқатты.

