Қазақстан Президенті Вашинктонға сапары аясында бірқатар кездесу өткізді

Қазақстан Президенті  Вашинктонға сапары аясында бірқатар кездесу өткізді

Қазақстан Президенті Вашинктонға сапары аясында бірқатар кездесу өткізді.  Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп Әкімшілігінің басқа да өкілдерімен екіжақты және өңірлік күн тәртібінің басты аспектілері жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан ынтымақтастықты тереңдету бойынша конструктивті диалог жүргізуге дайын.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық нарыққа шыққан отандық ІТ стартаптардың негізін қалаушылармен кездесті. Оған жалпы құны 1,4 млрд долларды құрайтын 20 аса стартап өкілі қатысты. Бұл ұлттық ІТ экожүйесінің инновациялық әлеуетін танытады.

Қазақстан Президенті америкалық конгрессмендерді де қабылдады. Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Қазақстанмен достық байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, парламент мүшелеріне екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті ілгерілетуге қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртпен кездесуде Қазақстан тарапының шикізатты өндіру, өңдеу мен тасымалдау салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.

Бұдан соң Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық сенатор Стив Дэйнске  Қазақстанның Республика күніне орай Конгрестің ресми мәлімдеме жасағаны үшін ризашылық білдірді. Бұл – елдеріміз арасындағы бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктестіктің дәлелі.

Қасым-Жомарт Тоқаев John Deere компаниясының ТМД және Орталық Азия елдері бойынша президенті Чабо Лейкомен кездесті. Мемлекет басшысы компанияның елімізде агроөнеркәсіп кешеніне арналған техника өндірісінің локализациясы туралы қабылдаған шешімін қолдады. Құны 2,5 млрд долларға бағаланған Стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылды. Құжат 5 жыл ішінде кем дегенде 3 мың ауыл шаруашылығы техникаларын өндіруді, сервис орталықтарын ашуды, сондай-ақ мамандарды оқытуды қарастырады.

Қазақстан Президенті The Washington Post және The New York Times секілді америкалық танымал басылымдарға сұхбат берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастыққа, сапарының мәні мен маңызына, Дональд Трамп жүргізіп отырған саясатқа, әлемдегі геосаяси жағдайға, Украина төңірегіндегі ахуалға және басқа да мәселелерге қатысты ойымен бөлісті. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?