Қазақпарат агенттігіне - 104 жыл

Қазақстанның ірі халықаралық ақпарат агенттігіне - 104 жыл толды. Қазақпараттың тарихы 1920 жылдан бастау алады. Ең алдымен ол кезде телеграф агенттігінің Орынбор-Торғай бөлімшесі құрылған болатын. Заман ағымына қарай атауы ҚазРОСТ, ҚазТАСС, ҚазТАГ болып өзгерді. Агенттіктің әр кезеңде құлашы кеңге жайылып, ақпарат тарату мәнерінде де түрлендіріп отырады. Басылым тәуелсіз елде 2002 жылы жаңа кезеңге бет бұрып «Қазақ ақпарат агенттігі» атанды. Қара шаңырақ араға тағы жиырма жыл салып, сенімді әрі жедел ақпарат көзі ретінде беделін мүлтіксіз сақтап келеді.


Анар Каринтаева, «Қазақпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің басқарушы директоры:


– Қазіргі Қазақпарат командасы осы тәжірибені лайықты қабылдады, оны сақтап қалды және заманауи трендтерді ескере отырып, өзгертті. Бұл серпіліс, айталық, Халықаралық агенттік Президент телерадиокешенінің құрамына кірген кезден басталды. Бұл агенттікке өз көкжиегін кеңейтуге және нарықта өзін белсендірек танытуға мүмкіндік берді.


Қазақпараттың, сонымен қатар, оқырмандар арасында сұранысқа ие. Телеграмм каналы да бар. Сондай-ақ, республика бойынша және шетелдерде жеке тілшілері жаңалықты үздіксіз таратып отырады. Саясат, экономика, білім, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет туралы мақалалар қазақ, орыс, ағылшын, өзбек және қытай тілдерінде жарық көреді. Бұдан бөлек, Қазақстанның ең соңғы жаңалықтары туралы шетелдік диаспора өкілдерін де таныстыру мақсатында, әрі оларға ыңғайлы болу үшін материалдар латын және араб әліпбиін пайдалана отырып жарияланады.


Жанна Нұрмағамбетова, «Қазақпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің шығарушы редакторы:


- Біз өз журналистеріміздің пулының арқасында ағылшын тіліндегі эксклюзивті контентті жасаймыз. Біз, өңірлерде де, шетелде де кеңінен танымалмыз. Біздің редакция халықаралық ақпараттық кеңістікте өзін орынын табу үшін сенімді қадамдарды жасауда.


Нағашыбек Алдан, «Қазақпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің бас редакторы:


- Бізде жақсы ресурстар бар. Ол қандай? Біз ақпаратты қытайша шығарамыз ғой. Қытайдың аудиториясына жақын болу үшін, Wi Chat және Weibo деген платформаларда аккаунттарымыз бар. Олар жылына 25-30 млн көрсетілім береді. Яғни, Қытайдағы аудитория біздің жаңалықтарды оқиды, өзара танысады, бөліседі, Қытайдағы қандастарымыз бар, олардың барлығына барынша жақын болып, ақпаратты таратамыз.


Одан бөлек, Қазақпарат белсенді түрде әлемнің ірі медиахолдингтерімен әріптестік байланыс орнатып келеді. Агенттік өзінің жедел әрі сапалы, шынайы ақпараттарымен оқырмандар арасында сұранысқа ие.