Өзбекстанда Еуразия аумағында цифрлық технологияларды дамыту мәселесі талқыланды

Өзбекстанда Еуразия аумағында цифрлық технологияларды дамыту мәселесі талқыланды

Өзбекстанда Еуразия аумағында цифрлық технологияларды дамыту мәселесі талқыланды. Ташкентте өткен халықаралық форум 500 делегаттың басын қосты. Беделді сарапшылар мен әлемнің жетекші компанияларының өкілдері екі күн бойы жасанды интеллект, 5G және жаңа буын желілері, инновациялар, жалпы телекоммуникация саласының әлуеті мен мүмкіндіктерін талқылады. Іс шарада деректерді өңдеу орталықтарының тұрақты әрі қауіпсіз байланысты қамтамасыз етуі, заманауи цифрлық шешімдер мен серіктестердің рөлі туралы да сөз қозғалды. Сарапшылар өзара тың ойларымен және тәжірибелермен де бөлісті. Мақсат - өңірдегі цифрлық трансформацияны жеделдетіп, цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейту.

Шерзод Шерматов, Цифрлық технологиялар министрі /Өзбекстан/:

- Соңғы жылдары сапасы әрі қолжетімділігі жағынан жылдам интернетпен қамту деңгейінің едәуір жоғарылағаны байқалады. Бұл өз кезегінде ІТ секторының белсенді дамуына және осы саладағы мамандар санының артуына ықпал етеді. Біздің мақсатымыз - жас ұрпақтың табысы жоғары мамандықтарға қол жеткізуіне және қашықтан қызмет көрсетуге жағдай жасау. GSMA 360 сияқты іс шараларды өткізу елдің өңірлік ІТ хабы ретіндегі ұстанымын нығайтады.

Саъдулло Исфандиери, Тәжікстан үкіметі жанындағы байланыс қызметінің бастығы:

- Саладағы аймақтық байланыс әкімшіліктері басшыларының отырысында көтерілген барлық мәселелер елдеріміздің осы сектордағы жұмыстарын жақсартуға бағытталған. Онда ақпараттық қауіпсіздік пен спутниктік және геостационарлық емес жерсеріктерді пайдалану, өзара жиіліктерді бөлу мәселелерін жан-жақты қарастырдық.

Сарапшылар цифрлық технологиялар бойынша осы сияқты жиындар жаңа халықаралық келісімдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп отыр. Өңірдің IT-білім беру мен жоғары технологиялар саласын дамытып, инвестициялық тартымдылығын арттыруға серпін болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?