Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі алты саяси партияның фракция жетекшілерімен кездесу өткізді. Ерлан Қарин Қазақстан Президенті жариялаған Жолдауындағы негізгі бастамаларға назар аударды. Өз кезегінде депутаттар Мемлекет басшысы белгілеген міндеттердің орындалуын бақылау және заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша межеленген жұмыс жоспары туралы мәлімет берді. Жиынға қатысушылар парламенттік реформа туралы пікір алмасты. Мемлекеттік кеңесші Президенттің жаңа саяси бастамасы, саяси жүйені одан әрі нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Фракция жетекшілері Президенттің ұсынысына қолдау білдіріп, алдағы қоғамдық талқылауларға белсене қатысуға дайын екенін жеткізді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?