Қасым-Жомарт
Тоқаев пен Финляндия Президенті Александр Стубб
қазақ-фин байланыстарын барлық бағыт бойынша одан
әрі қарқынды дамыту мәселесін талқылады. Телефон арқылы байланыс
Финляндия тарапының бастамасымен өткен.
Тараптар көпжақты ұйымдар аясындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту
мәселелері жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы Финляндияның 2025 жылы
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық қызметіне табыс
тілеп, Қазақстанның конструктивті ықпалдастықты жалғастыруға дайын екенін
растады.