Қазақстан мен АҚШ Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен АҚШ Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбітті. Қазақстан мен АҚШ Президенттері екіжақты күн тәртібі мен халықаралық ахуал, соның ішінде Украина проблематикасы жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қараша айында Вашингтонға жасаған сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық іске асыруға ниетті екенін айтты. Мемлекет басшысы Украина қақтығысын реттеудің күрделі сипатына назар аударды. Еліміз барлық тарапты төзімділік, икемділік және кәсібилік танытып, бейбітшілік формуласын іздеуді жалғастыруға шақырады. Бұл ретте Қазақстан араағайын емес, бірақ қажет болған жағдайда келіссөз алаңын ұсынуға дайын. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың көшбасшылық қасиеті арқасында бірқатар халықаралық әскери қақтығыс тоқтап, АҚШ-тың ішкі әлеуетін күшейтуде оң нәтижеге қол жеткізілгенін атап өтті. Мемлекет басшысы Америка Президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Бұл екіжақты қарым-қатынастағы тарихи уақиға болатынына сенім білдірді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?