Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстанда салтанатты түрде этникалық стильде безендірілген пойыздар рейске шықты. Іс-шара барысында елордалық вокзалдың перронында жолаушылар үшін домбырада ән шырқалып, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын еліміздің ұлттық тағамдары «наурыз көже» мен «бауырсақ» ұсынылды.
Этникалық стильдегі пойыздар наурыз айының соңына «Астана-Алматы», «Астана-Шымкент» және «Астана-Павлодар» электр пойызы бағыттары бойынша жүреді.