Қазақстан Венада өткен Атом
энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің 69-шы Бас конференциясында атом
энергетикасының жаңа даму кезеңі туралы жариялады. Біздегі агенттіктің төрағасы
Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, еліміз 2060 жылға қарай көміртегі
бейтараптығына қол жеткізуге ұмтылып отырғанын және бұл жолда атом энергетикасы
маңызды орын алады деп атап өтті.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Атом энергиясы
агенттігінің төрағасы:
- Гросси мырзамен біз Қазақстан
Республикасында атом энергетикасын дамыту жөніндегі жоспарларымызды талқыладық.
Гросси мырза біздің бастамаларымызды толығымен қолдап, Мемлекет басшысының
Қазақстанда кемінде үш атом станциясын салу жөніндегі ұсынысы жоғары бағалады.
Ол ең алдымен жаңартылатын және қазба қуат
көздерін тиімді пайдалану энергия қоржыны шеңберінде оңтайлы теңгерім
жасайтынын жақсы түсінеді.
Атом энергиясы жөніндегі
халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси Қазақстанның осы саладағы
бастамаларын оң бағалап, жетістіктерін атап өтті. Ол халықаралық агенттік
бейбіт атом энергетикасын дамытудың әрбір кезеңінде елімізге қолдау көрсетуге
дайын екенін жеткізді.
Рафаэль Гросси, АЭХА бас директоры:
- Қазақстан жаһандық ядролық отын тізбегінде уран өндірісі бойынша көшбасшылық позициясы арқасында ғана емес, сондай-ақ салаға озық шешімдерді енгізу есебінен де маңызды рөл атқарады. Дәл осы өнертапқыштық, инженерлер мен құрастырушылардың шеберлігі осындай тәжірибелік шешімдерге алып келді.

