Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Президенттің халыққа Жолдауына пікір білдірді. Ерлан Қарин оның біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу екеінін алға тартады. Президент экономиканың түрлі салаларына сандық жүйелер мен жасанды зейін құралдарын жеделдетіп енгізу міндетін жүктеді. Бұл қадамның барлығы жинақтала келіп, Қазақстанның жаңа Ұлттық цифрлық даму стратегиясына біріктіріледі. Ерлан Қарин Қазақстан саланы дамыту үшін кешенді әрі жүйелі шешімдер қабылдаған әлемдегі алғашқы елдердің бірі болып отырғанын атап өтті. Бұл ретте еліміз болашақта технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет атануды көздейді. Айтуынша, биылғы Жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу ел үшін жаңа ұлттық идея ретінде айқындалды.

