Алатау
қаласының арнайы құқықтық режимі туралы заң Конституцияға сәйкес деп танылды. Мұны Қазақстан
Республикасының Конституциялық соты
растады. Құжат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен қаралды. Заң елде
іскерлік белсенділік, инвестиция мен инновациялардың жаңа орталығын
қалыптастыру мақсатын көздейді. Бұл міндет Қазақстан халқының әлемдік
қоғамдастықта лайықты орын алу ниеті туралы Конституцияның Преамбуласымен үйлеседі. Конституциялық сот Негізгі заңның Алатау
қаласының арнайы құқықтық режимі туралы заңнан үстемдігі сақталғанын атап өтті.
Ол Конституция принциптеріне қайшы келмейді. Конституция принциптері мызғымас
бағдар болып қала береді. Алатау қаласы әкімшілігінің бұйрықтары мен құқық
қолдану қызметінде, олардың өзге мемлекеттік органдармен іс-қимылында Конституция
талаптары бұлжытпай сақталуы тиіс.

