Мемлекет басшысы Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьякты қабылдады

Мемлекет басшысы Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьякты қабылдады

Мемлекет басшысы Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьякты қабылдады. Кездесуде ТМД елдерінде бұл спорт түрін дамыту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, елордалық «Барыс» клубы бастаған отандық командалардың ҚХЛ чемпионатына және басқа да турнирлерге қатысуы, сондай-ақ ұлттық құраманың әлемдік біріншіліктерде табысты өнер көрсетуі аталған спорт түрін кеңінен дәріптеуге оң ықпал етеді. Атап айтқанда, Қазақстанда хоккей мектептері мен жастар командалары және түрлі деңгейдегі жарыстар көбейіп келеді. Өз кезегінде Владислав Третьяк  «Qazaqstan Hockey Open 2024» халықаралық турнирінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ мұндай жетістік мемлекет тарапынан лайықты деңгейде мән берілуінің нәтижесі екенін айтты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?