Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жартылай салмақта WBO нұсқасы боынша Әлем чемпионы атағын сақтап екінші титулын ұтып алды. Отандық былғары қолғап шебері АҚШ-тың Техас штатындағы шаршы алаңда өткен жекпе-жекте қарсыласы неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді алтыншы раундында нокаутпен жеңді. Осылайша 30 жасар қазақстандық спортшы енді IBF нұсқасы бойынша да әлемнің жаңа чемпионы атанды. Мемлекет басшысы Жәнібек Әлімханұлын жарқын жеңісімен құттықтады. Президент «Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады» деп атап өтті. Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы осымен 15 кездесуде басым түсіп, оның 10-нын уақытынан бұрын нокаутпен жеңгенін атап өту керек.